Анель, 23 жаста. Баc сақинасы жай ғана ауру емес, бұл өмір салты.

Менің атым Әнел, мен шамамен 6 жылдан бері бас сақинасы ауруымен ауырып келемін. Мен басымның сақинасы алғаш рет қашан басталғанын білмеймін, өйткені үнемі шаршағаннан, ҰБТ-ға дайындықтан және күнделікті мектеп тапсырмаларына байланысты басым ауырады деп ойлап келдім. Бірақ алғаш рет басымның сақинасы қатты ұстағаны есімде, ол кезде 17 жасымда едім.

Бас сақинасы – ауыр медициналық проблема, мен бас сақинасы жөніндегі маманнан (білікті маманнан) кеңес алдым. Мен күн кестесін және ұйқы режимін ұстанамын. Мезгілімен тамақтанамын, гаджетсіз ұйқыға жатамын және күнде жаяу жүремін (кем дегенде 30 минут).

Бас сақинасы маған ғана емес, сонымен қатар айналамдағыларға да әсерін тигізеді. Кестенің бұзылуы, сапардың кейінге қалдырылуы мен отбасылық отырыстардың болмай қалуы сияқты салдарлар осыған мысал бола алады. Алайда менің отбасым мені қаншалықты уайымдаса, соншалықты басымның сақинасы ұстағанда немесе ауру басылғаннан кейін мейірімдерін білдіріп, қолдау көрсетеді.

Бас сақинасының кесірінен маңызды отбасылық немесе жұмыс іс-шараларына қатыспай қалған кездерім болды. Егер жұмыс 24/7 қатысуды талап етсе және күйзеліс факторлары бар болса, бұл өте қиын. Мен бір жыл бойы осындай қызметте жұмыс жасадым, әрі қарай бұлай жүре алмайтынымды түсініп, жұмыстан кетіп қалдым. Қазір бір жақсысы фриланста жұмыс жасаймын.

Қатты музыка ойнайтын шулы жерлерде басымның сақинасы ұстайтынын байқадым. Егер ішімдік ішетін болсам, басым жарты сағаттан кейін, кейде одан кешірек ауыра бастайды.

Бас әдеттегідей ауырғанда қалыпты жұмыс істей беруге болатындай көрінеді. Бірақ аурасы бар бас сақинасы — тіпті тыныс алмауға тырысып, төсекте жатсаң да, хәлің нашар болатын жағдай, көп жағдайда лоқсисың немесе құсасың, бірақ ең қорқыныштысы бұл емес.

Менде көру аурасы бар, оң көзім нашар көреді, жұмыс істеу немесе қандай да бір тапсырмаларды орындау өте қиын. Егер препарат көмектессе, онда бір сағаттай ауырамын, егер көмектеспесе, бір тәулікке дейін созылуы мүмкін.

Бас сақинасының менің өміріме әсері соншалықты, маған өте абай болып, жоспарларымды сақинам ұстап қалмайтындай етіп құруға мәжбүрмін. Көп жағдайда жоспарларымды өзгертуге тура келеді, бұл жайсыздық тудырып, түңілуге әкеледі.

Бірақ мен берілмеймін, осы аурумен күресуді жалғастырамын. Бұл аурудың емделмейтінін түсінемін, бірақ бас сақинасы ұстамасын барынша азайту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын. Мен дәрі қабылдаймын, салауатты өмір салтын ұстанамын және күйзелісті бақылауға тырысамын.

Менің жағдайымды түсінетін және бас сақинасымен күресуде көмектесетін отбасымның және жақын достарымның қолдауы мен үшін өте маңызды. Күшті қолдау мен позитивті ойлау бас сақинасымен күресуге және толыққанды өмір сүруге көмектесетініне сенімдімін.

Сумамигрен

  • Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу

  • Аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді

  • Рецептісіз босатылады

Нұсқаулық

Сумамигрен жүктілік және лактация кезінде, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қарсы көрсетілген.

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН.
ҚР-ДЗ-5№018445 17.08.2016 бастап: Мерзімсіз
ҚР-ДЗ-5№018446 17.08.2016 бастап: Мерзімсіз