Бас сақинасы ұстамаларының триггерлері

Бас сақинасы – көптеген кері салдарға және өмір сүру сапасын нашарлатуға әкелетін ауыр дерт. Дәрігерге барып, уақтылы ем тағайындау үшін бас сақинасын дер кезінде қалай анықтау керектігін білген және түсінген маңызды.

Бас сақинасын не қоздырады?

Бас сақинасы бас ауруының көптеген басқа түрлерінен айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан қаупі зор. Бас сақинасы кезіндегі бас ауруы бірнеше сағатқа немесе екі-үш күнге дейін созылатын солқылдап ауыратын қатты ұстамалармен сипатталады. Ми және дене жүктемелері кезінде ауыру күшейе түседі. Көбінесе бас ауруы бір жақты, бастың бір жағында болады.

Ауыру сезімі қатты болғаны соншалықты дыбысқа, жарыққа және тағы басқасына шыдау мүмкін емес болады. Бұл кеңінен таралған синдром, ол әр адам ағзасының ерекшелігіне және өмір сүру салтына байланысты әр түрлі байқалады. Бас сақинасы ағзадағы басқа бұзылыспен қатар жүруі мүмкін. Білікті дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгіну үшін бас сақинасын қалай анықтауға болатын негізгі белгілерді білген маңызды.

Әдетте, бас сақинасы келесі факторлардан туындауы мүмкін:

Сондай-ақ, бас сақинасын басқа да тітіркендіргіштерді тудыруы мүмкін. Бұл ішімдік, ауа райы қолайсыздығы, гормондық бұзылыстар және басқа да ілеспелі аурулар болуы мүмкін. Терапияны жасау үшін тиісті тексеруден өткізетін тәжірибелі дәрігерге қаралу қажет.

Терапия ерекшеліктері

Бас сақинасы белгілері анықталғанда маманға хабарласқан жөн. Мұндай ауыру сезіміне ұзақ уақыт бойы шыдап жүрмеу қажет, өйткені бұл ағзаның дұрыс жұмыс істемеуіне және жағымсыз салдарға әкеледі. Қате таңдалған  дәрі-дәрмектер ауыру синдромын уақытша ғана тоқтатуы мүмкін, бірақ аурумен күресуге көмектесе алмайды. Уақыт өте ауру созылмалы жағдайға ауысып, көптеген жағымсыз салдарға әкеледі.

Бас сақинасы – күнделікті өмірді жоспарлауға кедергі келтіретін жағымсыз синдром. Бас сақинасын бақылап, үнемі дәрігердің бақылауында болу қажет. Әдетте, кешенді емдеу әдісі жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.

Сумамигрен

  • Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу

  • Аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді

  • Рецептісіз босатылады

Нұсқаулық

Сумамигрен жүктілік және лактация кезінде, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қарсы көрсетілген.

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН.
ҚР-ДЗ-5№018445 17.08.2016 бастап: Мерзімсіз
ҚР-ДЗ-5№018446 17.08.2016 бастап: Мерзімсіз