Неге бас сақинасы жете бағаланбайды?

Бас сақинасы неден туындайды? Бас сақинасы – мезгілді ұстама тәрізді, бастың жиі қатты ауруымен сипатталатын дерт, мұндайда әдетте жүрек айну және/немесе жарық пен дыбыстарға аса сезімталдық қоса байқалады. Сондай-ақ дене жүктемесі кезінде және жүрген кезде бас сақинасы күшейе түседі, солқылдап, бір жақты ауыруы немесе бір жағынан қаттырақ ауруы мүмкін. Негізінен, бас сақинасы ұстайтындар – қарқынды өмір сүретін және өз ағзасына бей-жай қарайтын ірі қалалардың тұрғындары. Егер олар уақтылы ауруды емдеп бастамаса, болашақта көптеген жағымсыз салдарға тап болуы мүмкін.

Бас сақинасы, әдетте, тұқым қуалайтын патология болып табылады. Бұл жағдайда бас ауруының қарқындылығы, ұстама жиілігі көп жағдайда өмір сүру салтына және қоршаған ортаға байланысты болады. Әдетте, мегаполис тұрғындары күйзеліске шалдығады, бұл ұстаманың жиі қозуына әкеледі.

 Бас сақинасының негізгі триггерлері:

Бас сақинасы кезіндегі бас ауруын уақтылы емдеу керек. Егер дер кезінде дәрігерге қаралмасаңыз, болашақта көптеген жағымсыз салдарға тап болуыңыз мүмкін.

Бас сақинасының басты қаупі неде?

Көп адамдар осы аурудың қаупін жете бағаламайды. Бас сақинасы – ауруды тудырып қана қоймай, сонымен қатар, еңбек ету, жұмыс істеу қабілетін төмендететін, тіпті ұстама кезінде жатып қалуға дейін апаратын жағымсыз құбылыс. Сақина жиі ұстайтын болса, өмір сүру сапасы да төмендейді.

Созылмалы түрде бас сақинасы күн сайын болып тұруы мүмкін. Бастың қатты ауыруы, әсіресе асқынған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Триптандардың көмегімен бас сақинасын емдеу бас ауруын тоқтатуға, сондай-ақ жалпы хал-жағдайды жақсартуға көмектеседі. Дұрыс таңдалған ем адамның еңбекке қабілеттілігіне оң әсер етеді, басқа ауыр патологиялық процестердің даму қаупін азайтады.

Бас сақинасы – кешенді түрде күресуді қажет ететін ауыр дерт. Дәрігерге қаралу, өмір салтын түзету, дәріні уақтылы қабылдау керек және оң әрі ұзақ әсерге қол жеткізу үшін емдеуші дәрігер ұсынған терапияның басқа да әдісіне жүгіну қажет.

Сумамигрен

  • Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу

  • Аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді

  • Рецептісіз босатылады

Нұсқаулық

Сумамигрен жүктілік және лактация кезінде, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қарсы көрсетілген.

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН.
ҚР-ДЗ-5№018445 17.08.2016 бастап: Мерзімсіз
ҚР-ДЗ-5№018446 17.08.2016 бастап: Мерзімсіз