- Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу
- Аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді
- Рецептісіз босатылады
Қолдану тәсілі
1 таблетка 50 мг старттық доза ұсынылады. Кейбір пациенттерге 100 мг қажет болуы мүмкін.
Егер пациент бірінші дозадан кейін жақсаруды сезінсе, бірақ сонан соң симптомдар қайта басталса, ол екінші дозаны кемінде 2 сағаттан кейін қабылдай алады.
Препарат бас сақинасын мерзімдік шұғыл емдеу үшін көрсетілген. Оны профилактика мақсатында қолданбау қажет.
Препаратты бас сақинасының қозуы басталғаннан кейін неғұрлым ертерек қабылдау қажет, алайда ол дерт қозудың кез келген сатысында бірдей тиімді болады.
24 cағат бойы 300 мг-нан артық қабылдамау қажет. Егер препараттың ұсынылған дозасын қабылдаған соң жақсару болмаса, пациент тап осы дерттің қозуын тоқтату үшін екінші фазаны қабылдауға тиіс. Осы жағдайларда дерттің қозуын тоқтату үшін парацетамолды, ацетилсалицил қышқылын немесе стероидті емес қабынуға қарсы препараттарды қолдануға болады. Алайда препаратты дерттің келесі қозуын тоқтату үшін қолдануға болады.