Менің басымның ауыратынына үш жыл болды, алғаш рет 21 жасымда ауырды. Мен неврологқа қаралдым және сол кездемаған бас сақинасы деген диагноз қойылды. Басымның сақинасы ұстағанда шамалы ауырсына бастайды, сосын ол бірден басымның сол жақ бөлігінің қарқынды ауыруына өтеді. Ауырғаны басылғанда, ұйқым келеді және ештеңе қызық болмай кетеді. Бас сақинасымен күресу үшін триптан қабылдаймын және әр 6 ай сайын невропатологқа барамын.

Бас сақинасы өміріме қатты әсер етеді, жақындарым мен үшін жиі алаңдайды, әсіресе, түнде ауыратын болса. Мен кейде ауырғанның кесірінен маңызды отбасылық және жұмыстағы іс-шараларға қатыса алмаймын.

Мен өз симптомдарымды қадағалап, триггерді анықтау үшін бас сақинасы күнделігін жазамын. Сонымен қатар, мен бас сақинасы туралы ақпаратты тек білікті мамандардан аламын.

Басының сақинасы бар адамдарға менің ТОП үш кеңесім – спортқа, жүзуге көп көңіл бөліңіздер, ыңғайлы жастықта ұйықтаңыздар және осы саладағы жақсы маманды табыңыздар.

Мен сіздерге басымның сақинасы жайында қысқаша сипаттама бердім, менің тәжірибем осы аурумен ауыратын басқа адамдарға көмектеседі деп сенемін.