Бас сақинасы ұстамаларының триггерлері
Бас сақинасы – көптеген кері салдарға және өмір сүру сапасын нашарлатуға әкелетін ауыр дерт. Дәрігерге барып, уақтылы ем тағайындау үшін бас сақинасын дер кезінде қалай анықтау керектігін білген және түсінген маңызды.
Бас сақинасын не қоздырады?
Бас сақинасы бас ауруының көптеген басқа түрлерінен айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан қаупі зор.
Бас сақинасы кезіндегі бас ауруы бірнеше сағатқа немесе екі-үш күнге дейін созылатын солқылдап ауыратын қатты ұстамалармен сипатталады. Ми және дене жүктемелері кезінде ауыру күшейе түседі. Көбінесе бас ауруы бір жақты, бастың бір жағында болады.
Ауыру сезімі қатты болғаны соншалықты дыбысқа, жарыққа және тағы басқасына шыдау мүмкін емес болады. Бұл кеңінен таралған синдром, ол әр адам ағзасының ерекшелігіне және өмір сүру салтына байланысты әр түрлі байқалады. Бас сақинасы ағзадағы басқа бұзылыспен қатар жүруі мүмкін. Білікті дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгіну үшін бас сақинасын қалай анықтауға болатын негізгі белгілерді білген маңызды.
Әдетте, бас сақинасы келесі факторлардан туындауы мүмкін:
- Қатты күйзеліс. Үнемі күйзелісте болу көптеген жағымсыз салдарды тудыра отырып, ағзаға кері әсерін тигізеді.
- Депрессия. Көп уақыт бойы жақсы эмоцияның болмауы науқастың жалпы хал-жағдайын нашарлатады.
- Мазасыздық, қатты шаршау басқа да ауру сезімін тудырады. Ауыруға бұзылыстар, мойын, иық пен бұлшықеттің ауыруы ілеседі.
- Ауыруды басатын дәрілердің аз не көп мөлшері кері әсерін тигізеді. Әдетте, симптомдар тек күшейе түсуі мүмкін.
- Ұйқы, демалу режимінің бұзылуы ағзаның жұмысына кері әсерін тигізеді.
Сондай-ақ, бас сақинасын басқа да тітіркендіргіштерді тудыруы мүмкін. Бұл ішімдік, ауа райы қолайсыздығы, гормондық бұзылыстар және басқа да ілеспелі аурулар болуы мүмкін. Терапияны жасау үшін тиісті тексеруден өткізетін тәжірибелі дәрігерге қаралу қажет.
Терапия ерекшеліктері
Бас сақинасы белгілері анықталғанда маманға хабарласқан жөн. Мұндай ауыру сезіміне ұзақ уақыт бойы шыдап жүрмеу қажет, өйткені бұл ағзаның дұрыс жұмыс істемеуіне және жағымсыз салдарға әкеледі. Қате таңдалған дәрі-дәрмектер ауыру синдромын уақытша ғана тоқтатуы мүмкін, бірақ аурумен күресуге көмектесе алмайды. Уақыт өте ауру созылмалы жағдайға ауысып, көптеген жағымсыз салдарға әкеледі.
Бас сақинасы – күнделікті өмірді жоспарлауға кедергі келтіретін жағымсыз синдром. Бас сақинасын бақылап, үнемі дәрігердің бақылауында болу қажет. Әдетте, кешенді емдеу әдісі жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
- Купирование приступов мигрени с аурой или без нее
- Одинаково эффективен на любой стадии приступа мигрени
- Отпускается без рецепта