Бас сақинасына бейімділік
Бас сақинасына бейімділік әдетте тұқым қуалайды. Бұл өмір сапасын төмендететін, жалпы хал-жағдайды нашарлататын және уақытында емделмеген жағдайда, болашақта көптеген жағымсыз салдарға әкелетін ауыр созылмалы ауру. Егер дер кезінде кәсіби көмек алынса, көптеген жағымсыз салдарды болдырмауға, сондай-ақ ықтимал ұстамалардың алдын алуға болады.
Бас сақинасының басты себептері
Бас сақинасы – бастың бір нүктесіне шоғырланған бас ауруының ауыр түрі. Әдетте, көп адамдар күйзелістен, дұрыс емес өмір салтынан, теңгерімсіз тамақтан осы аурумен ауырады. Көбінесе ауру гормоналды фонның бұзылуымен байланысты.
Аурудың дамуының нақты факторлары әлі анықталған жоқ. Бірақ, әдетте көп адамдарда бас сақинасына бейімділік байқалады. Адамда бастапқыда бас сақинасының белгілері болмауы мүмкін, бірақ әртүрлі сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен уақыт өте келе осындай бұзылыстар пайда болады. Бас сақинасының пайда болуына әсер ететін негізгі себептерге келесілерді жатқызуға болады:
- ауыр эмоционалдық бұзылыстар, үнемі күйзелісте жүру;
- алкоголь ішімдіктерін ішу;
- климаттың, ауа райының, температураның ауысуы;
- белгілі бір тағамдарды қолданудағы аллергиялық реакция: цитрус жемістері, банан, жаңғақтар және тағы басқалары;
- жеткіліксіз демалу және ұйықтау;
- аса жарық немесе қатты дыбыс тітіркендіргіштер, жағымсыз иіс;
- суық немесе ыстық орынжайда болу.
Сонымен қатар, бас сақинасының дамуына бас жарақаттары және басқа теріс механикалық әсерлер әсер етуі мүмкін. Бас сақинасының алғашқы белгілері пайда болған кезде бірден дәрігер көмегіне жүгінген жөн.
Аурудың дамуы және оны емдеудің ерекшеліктері
Бас сақинасы, әдетте, біртіндеп дамиды. Оның бірнеше фазасы бар. Бас сақинасының пайда болуы оның түрі мен қарқындылығына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, ауру жанға бататындай қатты болуы мүмкін. Кейбір адамдарда жүргенде, дене немесе ақыл-ой жүктемелері кезінде ауру сезімі пайда болады. Бас ауырған кезде басқа да симптомдар дамиды. Бұл бұлшықеттің ауырсынуы, лоқсу, құсу және тағы басқасы болуы мүмкін.
Бас сақинасының келесі белгілері де бар:
- қатты бас айналу;
- аяқ-қолдың ұюы, саусақ ұшының шаншуы;
- шынайылықты, заттардың өлшемдерін дұрыс қабылдамау, кеңістіктегі бағдарды жоғалту;
- сезімталдылықтың төмендеуі немесе артуы;
- сөйлеу кезінде қиындықтың туындауы;
- көзде дақтардың немесе басқа ақаулықтардың пайда болуы.
Ауруды емдеу үшін түрлі дәрі-дәрмек тағайындалады. Барлық дәрі-дәрмек тек дәрігердің ұсыныстарына сәйкес аурудың ерекшеліктері мен ағымына байланысты жеке таңдалады.
Бас сақинасын емдеу үшін қосымша терапия, демалу, өмір салтын өзгерту түрінде қосалқы құралдар да пайдаланылуы мүмкін. Кешенді жолмен емдеу бас сақинасы ұстамаларының көлемін азайтуға көмектесе алады.
- Купирование приступов мигрени с аурой или без нее
- Одинаково эффективен на любой стадии приступа мигрени
- Отпускается без рецепта