Менің басымның ауыратынына үш жыл болды, алғаш рет 21 жасымда ауырды. Мен неврологқа қаралдым және сол кездемаған бас сақинасы деген диагноз қойылды. Басымның сақинасы ұстағанда шамалы ауырсына бастайды, сосын ол бірден басымның сол жақ бөлігінің қарқынды ауыруына өтеді. Ауырғаны басылғанда, ұйқым келеді және ештеңе қызық болмай кетеді. Бас сақинасымен күресу үшін триптан қабылдаймын және әр […]
Бүгін сіздермен басымның сақинасы ұстағанда онымен қалай күресетінімді айтып, бөліскім келіп тұр. Алғаш рет 17 жасымда басымның сақинасы ұстап, содан бері осы аурудан зардап шегіп келемін. Әдетте ауырсынуды басатын дәрі ішемін және аурумен күресу үшін таза ауада жаттығу жасап, жүгіремін. Алайда, басымның сақинасының ұстауы отбасыма үлкен әсерін тигізеді. Мен Алматы қаласында әйеліммен және қызыммен тұрамын. […]
2011 жылы мен алғаш рет бас сақинасы ауруына шалдықтым, оған қоса күйеуімнен айырылдым. Содан бері дәріні уақтылы ішіп, аурумен күресуді үйрендім. Бас сақинасы маған ғана емес, сонымен қатар отбасыма да әсерін тигізеді. Бұған қарамастан, мен отбасыма қатысты маңызды іс-шараның бірде біреуін ешқашан қалдырған емеспін. Мен әрдайым қыздарымның жанында болуға тырысамын. Басымның сақинасы ұстаған мерзімі көбінесе […]
Менің атым Әнел, мен шамамен 6 жылдан бері бас сақинасы ауруымен ауырып келемін. Мен басымның сақинасы алғаш рет қашан басталғанын білмеймін, өйткені үнемі шаршағаннан, ҰБТ-ға дайындықтан және күнделікті мектеп тапсырмаларына байланысты басым ауырады деп ойлап келдім. Бірақ алғаш рет басымның сақинасы қатты ұстағаны есімде, ол кезде 17 жасымда едім. Бас сақинасы – ауыр медициналық проблема, […]